
🎶 10 қазан күні өткен Халықаралық ашық «ONER FESTIVAL 2026» байқау-фестивалінде Эстетикалық бағыттағы гимназияның балалар хорлары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды!
10.10.2026
🎉 Қалалық «English League» дебат ойындарында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қарсыластарынан оза шапқан «Shimmer & Shine» фракциясы жүлделі І ОРЫНДЫ иеленді! 🏆
12.10.2026🏆 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 👏🎉
Қоржынымыз тағы да толығып, қуанышымыз еселенді!
✨ Қалалық «Аспан астындағы музей қала» экскурсиялық бағдарлау жарысында Эстетикалық бағыттағы гимназия оқушылары жүлделі орындарға ие болды!
🥈 ІІ орын – «Тарихтың үнсіз куәгерлері» номинациясы бойынша Қалиханқызы Гүлхан.
🥉 ІІІ орын – жалпы командалық есепте «Самұрық» командасы.
👩🏫 Жетекшісі: Құспанова А.Е.
🏅 Сонымен қатар Құспанова Алмагүл Ерсаинқызы қалалық дебат турнирін дамытуға қосқан үлесі үшін «Пікірсайысқа қосқан үлесі» аталымымен марапатталды!
💐 Жеңімпаздарымыз бен жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік, жеңістеріңіз көп болсын! ❤️👏




