
23 қазан 9а сыныбының қатысуымен Гимназия кітапханасында Ұлы ағартушы, көрнекті педагог, жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Ыбырай жаққан шырақ — ұрпақ жолын жарық етті» атты әдеби-танымдық сағаты өткізілді.
23.10.2026
🎤 «СӨЗ ТАПҚАНҒА ҚОЛҚА ЖОҚ»
26.10.2026🏆 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
«Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңінде гимназиямыздың оқушысы жүлделі орынға ие болды!
🥈 «Ақылды өлке: болашаққа арналған шешім» бағыты бойынша 10 «Ә» сынып оқушысы Қалиқанқызы Гүлхан ІІ орын иеленіп, гимназиямыздың мерейін асқақтатты.
👩🏫 Жетекшісі: Утепбергенова Динара Махамбетовна.
Бұл жетістік – оқушының ізденімпаздығы мен ұстаз еңбегінің жемісі.
👏 Жүлдегер оқушымыз бен жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы ғылыми ізденістеріне табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!
Шәкірт жетістігі – гимназиямыздың мақтанышы!




