
🏆 «АЛТЫН САҚА» – ЖАС МАТЕМАТИКТЕРДІҢ БІЛІМ САЙЫСЫ!
08.10.2026
📅 9 қазан күні БҚО оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының Ұстаздар күні мерекесіне орай ұйымдастырған тоғызқұмалақ ойынының турнирі
09.10.2026🏆 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 💐👏
Ұстаздар мерекесі қарсаңында гимназиямыз үшін тағы бір қуанышты жаңалық!
Эстетикалық бағыттағы гимназиямыздың педагог-шебер ұстазы Казанцева Ольга Михайловна білім беру саласындағы көпжылдық жемісті еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі және өскелең ұрпақтың білім мен тәрбие алуына қосқан зор үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. 🏅
Бұл мәртебелі марапат – ұстаздық жолға деген адалдықтың, қажырлы еңбектің және кәсіби шеберліктің лайықты бағасы.
💐 Құрметті Ольга Михайловна!
Мәртебелі марапатыңыз құтты болсын! Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс, еңбегіңізге толағай жетістіктер тілейміз. Ұстаздық мерейіңіз үстем болып, шәкірттеріңіздің жетістігі мен әріптестеріңіздің құрметіне бөлене беріңіз!
👏 Лайықты марапат! Эстетикалық бағыттағы гимназиямыздың мерейі асқақтай берсін!




