
📅 9 қазан күні БҚО оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының Ұстаздар күні мерекесіне орай ұйымдастырған тоғызқұмалақ ойынының турнирі
09.10.2026
Даму жоспарының «Зияткер бол!» 🧠 бағытының «Табысты оқушы» 🏆 клубы аясында 2026 жылдың 7-8 қазан күндері 📅 2-8 сынып оқушыларының «Зерде» 🔬 республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының мектепішілік кезеңі өтті. 🎓✨
09.10.2026Орал қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, жалпы білім беретін мектептердің 8–11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «Махамбет оқулары» байқауында мектебіміздің оқушылары биік белестерді бағындырды!
🔹 «Тартынбай сөйлер асылмын» бағыты бойынша — Марат Ділназ (І орын)
🔹 «Ел құтқарар ер едім…» бағыты бойынша — Манарбек Нұрислам (ІІ орын)
Жетекшісі Рсаева Мендыгуль Тулеушевна
Сонымен қатар, аталған дарынды оқушыларымыз облыстық «Махамбет оқулары» байқауында да оқ бойы озық шығып, жүлделі І орынды иеленді және республикалық кезеңге жолдама алды! 👏✨
Оқушыларымыз бен олардың жетекшісін жеңістерімен құттықтаймыз! 💐
Республикалық байқауда бақ сынайтын оқушыларымызға сәттілік пен толағай табыстар тілейміз! Өнерлеріңіз өрге жүзе берсін! 🚀🌟




