
Эстетикалық бағыттағы гимназия «Өзін-өзі басқару ұйымы» президенттігіне сайлау басталды!
16.09.2026
«Қазақстан жаңа шындықта: өзгерістер дәуіріндегі жастар» семинар-тренингі
16.09.202616 қыркүйек күні Эстетикалық бағыттағы гимназияда білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл бойынша оқу-жаттығу жұмыстары ұйымдастырылды.
🏫 Оқу-жаттығу барысында оқушылар мен педагогтер төтенше жағдай туындаған кездегі дұрыс әрекет ету алгоритмін, эвакуация тәртібін және өрт қауіпсіздігі талаптарын іс жүзінде пысықтады.
🛡️ Гимназияда білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы профилактикалық және оқу-жаттығу шаралары ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №117 бұйрығында көзделген қауіпсіздік талаптарын басшылыққа ала отырып жүйелі түрде өткізіліп келеді.
🔔 Мұндай профилактикалық жұмыстардың негізгі мақсаты – төтенше жағдай кезінде оқушылар мен педагогтердің дұрыс әрі жедел әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, қауіпсіздік мәдениетін арттыру және ықтимал қауіп-қатерлердің алдын алу.
🤝 Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – мектеп ұжымының тұрақты назарындағы маңызды бағыттардың бірі.
🛡️ Қауіпсіз мектеп – тыныш болашақ!
Сақтық пен жауапкершілік – қауіпсіздіктің басты кепілі!




