
«Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс»
12.09.2026
Құрметті Орал қаласының тұрғындары! Эстетикалық бағыттағы гимназия ұжымы және оқушылары, баршаңызды туған қаламыз – Орал қаласының күнімен шын жүректен құттықтайды! ❤️
12.09.2026Отбасы – әр адамның өміріндегі ең қымбат қазына, мейірім мен жылулықтың, сүйіспеншілік пен сыйластықтың бастауы. 🏡✨
Отбасы күніне орай 5 «Д» сынып оқушылары өз отбасыларындағы ең жылы сәттермен бөлісіп, отбасы құндылықтарының маңызын көрсетті. Бірге өткізген уақыт, ата-ананың қамқорлығы, баланың күлкісі – нағыз бақыттың қарапайым көрінісі. 💞
Осындай сәттер әр шаңырақта көп болсын! Отбасымыз аман, дастарханымыз берекелі, үйіміз шаттық пен баланың күлкісіне толы болсын! 🤍
🌷 Отбасы күні құтты болсын!
Әр отбасыға татулық, молшылық, амандық және шексіз бақыт тілейміз!
📌 5 «Д» сыныбы
Сынып жетекшісі: Абдрахманова А.Д.
#ОтбасыКүні#ОтбасыБақытМекені#ОтбасыҚұндылығы#5Дсыныбы#БақыттыОтбасы МектепӨмірі




