
🌿 ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
03.09.2026
💙 «Отбасы – тәрбие бастауы»
07.09.2026🏫 Мектеп Парламентінің жаңа құрамын жасақтау мақсатында 7–8-сынып оқушылары арасында үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🗣️ Белсенді оқушылар мектеп парламентінің жұмысы, негізгі бағыттары және оқушылардың мектеп өміріне белсенді қатысу мүмкіндіктері туралы өз қатарластарына ақпарат беріп, жаңа команда құрамына қызығушылық танытқан оқушыларды белсенді болуға шақырды.
🤝 Бірлік бар жерде – белсенділік бар!
💡 Идея бар жерде – мүмкіндік бар!
🚀 Жаңа команда – жаңа бастамалар!
✨ Білімді, белсенді, көшбасшылық қабілеті бар оқушылардың басын біріктіретін Мектеп Парламенті жаңа оқу жылында тың жобалар мен жарқын бастамаларға жол ашсын!
🌟 Әр идея – маңызды! Әр бастама – мүмкіндік! Әр оқушы – өзгерістің бір бөлігі! 💫
#МектепПарламенті#ЖаңаКоманда#БелсендіОқушы
#ОқушыларӨзінӨзіБасқаруы#КөшбасшыОқушы




