
👨👩👧👦 ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫҢ БАСТАУЫ! ❤️
08.09.2026
🏆 ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🏆
10.09.2026📅 10 қыркүйек күні Эстетикалық бағыттағы гимназияда жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
🤝 Жиын барысында бала қауіпсіздігі, оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау, ата-ана мен мектеп арасындағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
🚨 Жиналысқа Төтенше жағдайлар департаменті мен Ішкі істер департаментінің өкілдері қатысып, ата-аналарға бала қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтың алдын алу және киберқауіпсіздік бағытында маңызды ақпараттар берді.
⚖️ «Заң және тәртіп» қағидаты аясында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеу, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылық пен буллингтің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
🔐 Сонымен қатар, балалардың интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігі, кибербуллинг пен түрлі қауіп-қатерлерден сақтану және олардың алдын алу жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
💜 Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік! Заңды құрметтеу мен тәртіпті сақтау – қауіпсіз қоғамның негізі.
#ЗаңЖәнеТәртіп #БалаҚауіпсіздігі #Қауіпсіз




