bkogov.kz Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Эстетикалық бағыттағы гимназиясы" ШЖҚ МКК
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімі
AA+
bkogov.kz
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
"Эстетикалық бағыттағы гимназиясы" ШЖҚ МКК
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімі
stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!

📌 АРМАН МЕН ШАБЫТ ӘЛЕМІ📌
«Атамекен» өнер ордасында гимназияның 30 жылдық мерейтойына арналған мерекелік кеш өтті. Мерейлі кешке мектептің ардагер ұстаздары мен бұрынғы басшылары, қазіргі мектеп ұжымы, сонымен қатар білім саласында қызмет етіп жүрген көшбасшы тұлғалар мен өнерпаз ұландардың ата-аналары қатысты.
«АРМАН МЕН ШАБЫТ ӘЛЕМІ» атты мерекелі кеште гимназияның талантты шәкірттері өнер көрсетіп, түрлі аспаптарда сырлы саз ойналды.
Бұл мерекелік шарада гимназияның тәрбиелік жұмыстары бойынша және әдістемелік бағыты бойынша жетістіктер көрмеге қойылып, таныстыру жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың ұлттық қолөнерді насихаттау мақсатында дайындалған туындылары да сараланып, көпшіліктің назарына ұсынылды.
Шара кезінде аталмыш білім ордасының қалануына өз үлесін қосқан тұлғалар мен көп жылдан бері еңбек етіп келе жатырған педагогтер мен қызметкерлер қалалық, облыстық білім басқармаларының құрмет грамотасымен және Қазақстандық Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының арнайы дайындаған төсбелгілерімен марапатталды.
Шараның жоғары деңгейде өтуіне гимназия ата-аналары да өз үлесін қоса білді.

#30жылдық 💕

 



@oqu_agartu_ministrligi @rumcdo_official @aqparatqogam @bqobilimnews @bakytzhan_narymbetov @arsen_gubashev @a.t.m.70 @kht2001 @luarabatyrgalieva @khazharbibi @madeniet_oral @oral_ishki_sayasat_bolimi @jaiyqjastary @policebqo @up_uralsk @tjb_oral_bko @assembly_oral @departament_zko @npo.zko @oral.din @batys_madeniet

2/5