Ағымдағы жылдың 13 ақпан күні ҚББ жоспарына сай «Сиқырлы музыка сыр шертеді» тақырыбында Эстетикалық бағыттағы гимназияда музыка пәні мұғалімдеріне арналған семинар ұйымдастырылды. Семинар мақсатына сәйкес қатысушылар музыка пәнің оқытудың жаңа тәсілдерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Семинардың ашылуында гимназия директоры А.З.Кайржанова алғы сөз айтып, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Одан әрі гимназия психологі А.С.Омарханова педагогтермен психологиялық тренинг өткізсе, гимназияның жас мамандары А.С.Қаби мен Ә.Ш.Исатай қатысушылармен Quiz ойынын ұйымдастырды. Семинарда музыка пәні мұғалімі Н.Г.Аюпова Эстетикалық бағыттағы гимназияның ерекшелігімен таныстырып, музыканың оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Сонымен қатар, семинарға қатысушылар гимназияның эстетикалық бөлімінің музыкалық апталығының ашылуымен тұстас болған «Болашақ» балалар хорының (жетекшісі Каримов М.Ғ.) түрлі жанрдағы әндерін тыңдап, мұғалімдерден құралған ансамбльдің орындауында халық әндерінен паппури тамашалады. Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар семинардың өзектілігін атап, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
@oral_bilim @bbdo2020 @bqobilimnews
«Сиқырлы музыка сыр шертеді» тақырыбында Эстетикалық бағыттағы гимназияда музыка пәні мұғалімдеріне арналған семинар ұйымдастырылды.
2/13/2024
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | ![]() |