26 наурыз күні Эстетикалық бағыттағы гимназияда “Тәжірибе алмасу-кәсіби қажеттілік” тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық деңгейде ұстаздар шеберханасы өтті. Мақсаты: тәжірибе алмасудың маңыздылығын және тиімді жұмыс жасау жолдарын көрсету арқылы мұғалімдер арасындағы кәсіби қажеттілікті шыңдау. Ұстаздар шеберханасында педагог-шебер және педагог-зерттеуші мұғалімдер өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Гимназиямыздың директоры Әлия Зулкарнаевна мен БҚО әдістемелік орталық әдіскері Жұлдыз Бауыржанқызы бағдарламамен таныстырып, әріптестерімізге сәттілік тіледі. Ұстаздар шеберханасы төрт бөлім бойынша жұмыстанды.
1-бөлім “Құндылыққа негізделген білім”
2-бөлім “Ізденістен нәтижеге дейін”
3-бөлім “Тиімді оқыту және оқу”
4-бөлім “Сабақтастық-табысты білім негізі”
Тәжірибе алмасу алаңына бағытталған ұстаздар шеберханасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды деп бағаланды.
@bko_adistemelik_ortalyq @oral_bilim @bqo.ciso @bqobilimbasqarmasy @os_oral07
“Тәжірибе алмасу-кәсіби қажеттілік” тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық деңгейде ұстаздар шеберханасы өтті.
3/26/2025